ТЕАТР ТАРИХИ

Б.Римова атындағы драма театрының негізі 1975 жылы 4 қарашада қаланды. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының Қазақстан халық артисі ШолпанЖандарбекованың класын бітірген бір топ жас Талдықорған қаласында осы театрдың шаңырағын көтереді.Театр алғашқы шымылдығын Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Корпеш-Баян сұлу» қойылымымен ашты. Қозының рөлінде – Тілек Абжалиев, Кендебай Темірбайұлы ,Баянның рөлінде – Жібек Лебаева,Алма Бастемиева,Мақпалды –Алмахан Кенжебекова ойнады. Қазақстан мәдениет министрі М.Базарбаев,Қазақстан театр қайраткерлері қоғамы төрағасының орынбасары А.Жұбанышалиев, ҚР халық артисі Қанабек Байсейітов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Р.Қаныбаевалар сөз сөйлеп, жас театрға сәттілік тіледі.

1976 жылы Алматыда өткен Жастардың Республикалық «Жігер»

фестивалінде 1-дәрежелі дипломды жеңіп алды.Сондай-ақ Жанат Чайкина,Сәулебек Асылханов 1-дәрежелі, Жібек Лебаева 2-дәрежелі, Сағат Жылкелдиев 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сол жылы Т. Ахтановтың «Әке мен бала» /реж. . Қамбаров/, және Ш.Айтматовтың «Арманым - Әселім» /реж.М. Қамбаров/, Т. Қалилахановтың «Алтын бесік » /реж. С. Асылханов/, Р.Сейсенбаев, Е.Обаев «Өзіңді тап», (режиссері М.Қамбаров), А.Вампилов «Сүйінші, табылды,табылды» қойлымдары ;

1977 жылы Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» /реж. С.Асылханов/,

Қ. Мұхаметжанов «Қайдасың Хайдарбек?»/реж.С.Асылханов/, М. Әуезовтің «Қаракөз» (реж.Қ.Бейсембаев), Р.Сейсенбаевтің «Қазақтың тұңғышы» қойлымдары;

1978 жылы К.Баяндин «Жаңғырық» (режиссері М.Қамбаров») , Ш.Айтматов «Ақ кеме», С.Асылхан М.Ақынжанов «Алтын сақа» (режиссері М.Қамбаров») спектакльдері сахналанды.Осы жылдың тамыз айында Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында алғашқы есеп беру гастролі өтті.Үш жыл ішінде 13 қойылымды дайындап үлгірген жас театр артистері Алматылық көрерменге М.Әуезовтің «Қаракөз», Ш. Айтматовтың «Ақ кеме», Р.Сейсенбаевтің «Қазақтың тұңғышы», Т.Ахтановтың «Күшік күйеу», А.Вампилов «Сүйінші, табылды,табылды» т.б. спектакльдерін ұсынды. Ол жөнінде «Ленин жаста» Қ. Ергөбектің, «Қазақ әдебиетінде» Қ.Кәрімовтің мақалалары жаияланды.

 

1979 жылы Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» /реж. М.Қамбаров/, Т.Есімжанов «Жолда қалған жолаушы» (режиссері С.Асылханов;

1980 жылы С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» /реж.О. Сәрсенбеков/, «Өлара» (реж.М.Қамбаров), Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» (режиссері М.Қамбаров);

1981 жылы А.Фадеев «Жас гвардия», )режиссері С.Асылханов) Ш.Айтматов «Ана – Жер –Ана» (режиссері М.Қамбаров), С.Адамбеков «Аюбайдың ажалы» (режиссері Р.Шарафутдинова),Б. Тоғысбаев «Ақын Сара» /реж.М. Қамбаров/;

1982 жылы М. Әуезовтің «Абай» /реж.Ә. Құлданов/ спектаклі сахналанып, Абайды –С. Рақышев, Ө.Қалиев, Әйгерімді – А. Кенжебекова сомдады. А.Чехов «Ваня ағай» (реж. Р.Шарафутдинова), К.Гальдони «Екі қожаға бір қызметші» (реж.А. Мағзумбеков), С.Жүнісов «Кроссворд» (режиссері Ә.Құлданов), Қ.Мұқашов «Дала дастаны» (режиссері Ә.Құлданов);

1983 жылы /реж. Б.Омаров/, Б. Майлиннің «Шұға»/реж. Қамбаров/, М.Ибрагимбеков «Тілдесу» (реж.О.Сәрсенбеков), Б.Тоғысбаев «Батыр бала Болатбек» (реж. М.Қамбаров),

1984 жылы Қ.Ысқақов «Таңғы жаңғырық» /реж.Б.Омаров/, Д.Исабеков «Әпке» (режиссері Б.Омаров), Р.Рақымбеков «Шаған хикаясы» (режиссері М.Қамбаров);

1985 жылы) С.Мұқанов «Шоқан» /реж. М.Қамбаров/, А.Бек «Волокаламск тас жолы» /реж.Б.Омаров/, О.Бодықов «Жер тағдыры», (режиссері Б.Омаров), С. Сматаев, Ш.Зұлқашов «Жұлдызым менің жоғары»/реж.М.Қамбаров), басты рол - Рахметті С.Нұрхалық ойнады.

1986 жылы Ш.Айтматов «Жәмила» /реж.Б.Омаров/, Қ.Ысқақов «Ұлпан»/реж. Б.Омаров/,Д.Исабеков «Кішкентай ауыл»/реж.Б.Омаров/, Р.Сейсенбаев «Қазыбектің оралуы» (режиссері О.Сәрсенбеков);

1987 жылы С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» /реж. Т.Ахметов/, А.Сүлейменов «Қыздай жесір» (режис. О Сәрсенбеков);

1988 жылы М.Кәрім «Ай тұтылған түн» /реж. Б.Омаров/, Ш. Мұртаза «Сталинге хат»/реж. Б.Омаров/, А. Макаенок «Пұшайман болған әулие» (реж. О.Сәрсенбеков);

1989 жылы М. Әуезов «Түнгі сарын»/реж. С. Асылханов/,

Т. Қалилаханов «Ақын Сара»/реж. С.Асылханов/, О. Бодықов «Ит өлім» (реж. С.Асылханов);

1990 жылы У. Шекспир «Асауға тұсау»/реж.Ә. Мәмбетов/,, М.Қалшабаева «Қайдасың анашым?» (реж. С.Асылханов); Т.Қалилаханов «Алтын бесік» /реж.С.Асылханов/,

1991 жылы М. Әуезов «Еңлік-Кебек» /реж. Х. Теміров/, Т.Әліпбай «Соңғы бетпе-бет» (реж. О Әбділманов); М. Әуезовтің «Хан Кене» /реж.Қ. Жетпісбаев/,

 

 

1992 жылы О. Исмаилов «Наркескен» /реж. Х. Теміров/, О.Бөкеев «Құлыным менің» (Ә.Оразбеков), Е.Әлімжанов «Бір қазаққа бір қатын» (реж. Әмір Темір);

1993 жылы Б. Майлин, Ж. Аймауытовтың «Аласапыран»

/реж.Х. Теміров/;

1994 жылы І.Жансүгіровтің 100 жылдығына орай «Исатай-Махамбет» /реж. Х.Теміров/, «Күйші» /реж. Б. Ұзақов/, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» (реж. Х.Әмір Темір)

1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай А. Кенжебекова «Абай туралы аңыз» /реж. Х.Теміров/, Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін» (реж. Х.Әмір Темір);

1996 жылы К. Әбдірахманов «Қаракерей Қабанбай» /реж. М. Байсеркенов/, Л.Егембердиева «Әріптестер» (режиссер С.Нұрхалық)

1997 жылы Б.Соқпақбаев «Кәдімгі Қожанасыр» /реж. Х.Әмір Темір/, Д.Исабеков «Ескі үйдегі екі кездесу» (режиссер С.Нұрхалық);

1998 жылы Т. Әліпбай «Қанды ғасыр» /реж. Х. Теміров/ , Ақселеу Сейдембеков «Қош бол ардағым! (режиссер Б. Ұзақов),В. Чернов «Хитроумный заяц»;

1999 жылы К.Абдірахманов «Жауға шапқан мың бала» (реж. Әмір Темір), Т.Әліпбай « Түлен түрткен түлкі» (реж.О.Әбділманов), М.Рыжкова «Болшевная палочка» (реж. С.Нұрхалық);

2000 жылы М.Әуезов « Сен бір партия, мен бір партия» (реж. Әмір Темір), Қ.Сатыбалдиев «Аягөз Ару» (режиссері Т.Көбеков);

 

2001 жылы Иран-Ғайып «Гүл –Нәр» (режиссері Т.Көбеков, Л.Егембердиева «Қалталы күйеу қайдасың?», (режиссері Т.Көбеков), Т.Әліпбай «О,Атилла, Атилла!» (режиссері «Әмір Темір), К.Абдірахманов «Мұнар да мұнар, мұнар күн» (режиссер Әмір Темір);

2002 жылы А.Чехов «Айттыру» (реж. Т.Көбеков), Ғ.Мүсірепов «Қозы көрпеш – баян сұлу» (реж. Әмір Темір), Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат» (режиссері Әмір Темір), Ж.Әміреев «Ақылды ақша қар» (реж. Ж.Әміреев)

2003 жылы Е.Жуасбеков «Наурыз шапағаты» (режиссері Ә.Темір), Т.Әлімқұлов «Қош бол Қараой» (реж. Қ.Сүгірбеков), Б.Римова «Абай -Әйгерім» (реж.Б.Атабаев), Ә.Ақпанбет «Дүние думан» (реж. Қ.Сүгірбеков, С.Казлов «Алтын шай», режиссері И.Симонова;

2004 жылы Е.Аманшаев « Жұлдыздарда бір сыр бар» (реж. С.Нұрхалық, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» (реж. Ахманов), Л.Егембердиева «Ғашық жүрек» (реж. С.Жұмаділ!, Б.Тоқымтаев «Шынар басындағы қоңырау» (режиссері Б.Тоқымтаев);

2005 жылы Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу» (реж. Б.Тоқымтаев), Иран-Ғайып «Ана аманаты» (режиссері М.Ахманов», Ә.Тәжібаев « Көтерілген күмбез» (реж. М.Ахманов, М.Задорнов (аударған О.Кенебаев) «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. С.Нұрхалық)

 

С.Маршак «Жаман әдет» (реж. Н.Әлбосынов); Б.Тоқымтаев «Керқұла атты Кендебай» (режиссері Б.Тоқымтаев);

2006 жылы М.Әуезов, І.Есеберлин «Кенесары Наурызбай» (реж. М.Ахманов), Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» (реж. М.Ахманов), Б.Мұқай «Өмірзая» (реж.Б.Тоқымтаев), А.Веселов (аударған Қ. Төлеушов) «Қардан соққан балалар» (реж.С.Нұрхалық),;

2007 жылы О.Әбділманов «Раушан» (режиссері М.Ахманов) Бомарше «Фигароның үйленуі» (реж. Р.Машурова), М.Ахманов «Алдардың айласы» (режиссері М.Ахманов), А.Тома (аударған И.Әбілмәжінов)«Әйел сегіз, ол жалғыз» (реж. И.Әбілмәжін), Ө.Ахмет «Бағдаршам» (реж. М.Ахманов), Б.Ұзақов «Жаңа жылдың шытырман оқиғалары» (реж.А.Сақманов);

2008 Б.Римова «Қос мұңлық» (реж. М.Ахманов), Б.Мұқай «Тойы көп үй» (М.Ахманов), М.Ахманов «Наурыз думан» (режиссері М.Ахманов);

2009 М.Мақатаев «Райымбек, Райымбек!», (реж. М.Ахманов), С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр, Ө.Ахметтің «Студенттер»;

2010 жылы Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» /реж. С.Нұрхалық/, С.Балғабаевтың «Біз де ғашық болғанбыз» /реж. С.Нұрхалық), М.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» комедиясы (режиссері Ұ.Ахметов), М.Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісі (режиссері М.Рахманова) қойылымдары сахналанып, көрерменге ұсынылды.

2011 жылы Т.Әліпбайдың «Томирис» (режиссері Х.Әмір Темір), Н.Гогольдің «Үйлену» (режиссері Б.Тоқымтаев), Б.Соқпақбаев «Тапқыр Қожанасыр» (режиссері Ұ.Ахметов), Р.Отарбаев «Ұйық» (режиссері Ұ.Ахметов),сахналанды.

2012 жылы Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясы(режиссері Ұ.Ахметов), М.Әуезовтың «Қараш-қараш» повесінің желісі бойынша жазылған Қ.Ысқақовтың «Таңғы жаңғырық» драмасы (режиссері К.Касенов), Иран-Ғайыптың «Негізгі шаруа» трагикомедиясы (режиссері Б.Тоқымтаев), А.Вампиловтың (аударған Т.Жаманқұлов) «Метранпаж» комедиясы(режиссері Ұ.Ахметов), В.Орловтың «Алтын шөже» (режиссері С.Нұрхалық), Ж.Мерсимованың «Достыққа қастық жасама» (режиссері Ұ.Ахметов) ертегілері сахналанды.

 

Талдықорған театры түрлі кезеңдерде республикада ғана емес, тіпті шет елдерде өткен театр фестивальдері мен байқауларына белсенді қатысып, талай рет жеңіске қол жеткізді.Айталық 1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығына орай Жезқазған қаласында өткен III-Республикалық театрлар фестиваліне Е. Домбаевтың «Қор» атты сатиралық комедиясымен қатысып жүлделі 3-орынды иеледі.Төрт актер: С. Нұрхалық,А.Базаркелді, Ә.Ыдрышова,Хусеин Әмір-Темір лауреат атанды.

1997 жылы Алматы қаласында М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық театрлар фестивалінде А.Кенжебекованың «Абай» туралы аңыз» қойылымымен үшінші орынды иеленді.

1998 жылы Тараз каласында өткен театрлар фестивалінде де Т.Әліпбайдың «Қанды ғасыр» трагедиялық қойылымы әділ қазылар алқасы тарапынан жоғары бағалынып, Х.Әмір-Темір «үздік режиссер» номинациясына, ҚР еңбегі сіңген артисі О.Әбділманов «үздік актер» гран-приіне қол жеткізді.

2000 жылы Павлодар қаласында өткен Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған IХ Республикалық театрлар фестивалінде М.Әуезовтің «Мен бір партия, сен бір партия.» драмасымен жүлделі үшінші орынды иеледі,

2001 жылы «Мен бір партия, сен бір партия», /Бәйбіше-тоқал/ қойылымдарын Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаев театр сахнасында тамашалап, ризашылығын білдірді.2002 жылы К.Әбдірахмановтың «Мұнар да мұнар, мұнар күн» спектаклін сахнадан тамашалаған ҚР Премьер-Министрі И.Тасмағамбетов қойылымға жоғары баға берді

2003 жылы Орал қаласында Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай ЮНЕСКО көлемінде өткізілген фестивальде Т.Әлімқұловтың «Қош бол,Қараой» қойылымымен құрметті үшінші орындарды иеленген.

2004 жылы қыркүйек-қазан айларында Египет астанасы Каир қаласында өткен ХҮІ Халықаралық экспериментальді қойылымдар фестиваліне қатысса, осы жылдың қараша-желтоқсан айларында Түркияның Анталия қаласында өткен Алматы облысының мәдениет күндері бағдарламасы аясында өз өнерлерін көрсеткен.Қостанай қаласындаөткен Республикалық театрлар фестивалінде У.Шекспирдің «Ақсақал» /Король Лир/ спектаклімен қатысып үшінші жүлделі орынға қол жеткізді.Лир бейнесін ҚР еңбек сіңірген артисі О.Әбділманов және С. Нұрхалық сомдады.

2005 жылы Қызылорда қаласында Қ.Байсейітов пен Қ.Жандарбековтің туғанына 100 жыл толу құрметіне арналған Республикалық ХІІІ театр фестивалінде министрлік тағайындаған Қ.Байсейітов атындағы Бас жүлдені жеңіп алуы – театр тарихындағы шығармашылық үлкен жемісті белес болды.

2006 жылы Астана қаласында Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналып өткізілген ХІҮ театр фестиваліне «Кенесары, Наурызбай» атты тарихи трагедиямен қатысып, «қойылым режиссерлік шешімнің сонылығымен, актерлердің тапқырлығымен, сценографиясының аса тартымдылығымен ерекшеленеді» деген («Каз.Правда», 27.06,06.) жоғары бағасымен және арнайы дипломмен оралды. Осы жылы театрдың 30 жылдығына байланысты ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, сыншы Әшірбек Сығайдың «Талдықорған театры» кітабы жарық көрді.

Талдықорған театры қазақ халқының сонау көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі күрес тарихын жүйелі түрде көрсетіп келе жатқан республикамыздағы бірден – бір ұлттық патриоттық театр. «Қанды ғасыр», «О, Атилла, Атилла!», «Алтын бесік», «Кенесары, Наурызбай» т.б.Театр репертуары тақырыптық және жанрлық жағынан жылдан-жылға жаңарып, байып келеді.

2007 жылдың басында режиссер М.Ахманов қойған «Бір түп алма ағашы» (авторы Ә.Оразбеков), «Алдардың айласы» (авторы М.Ахманов) спектакльдерін көрермен қызыға қабылдады. Қазір Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының ұстазы, режиссер И.Әбілмәжінов дайындаған А.Томаның «Әйел сегіз – ол жалғыз», режиссер М.Ахманов дайындаған О.Әбділмановтың «Раушан», Ө.Ахметтің «Бағдаршам» спектакльдері қойылды.

2008 жылы Б.Римова «Қос мұңлық»/реж. М.Ахманов/, Б.Мұқай «Тойы көп үй»/реж.М.Ахманов/ спектакльдері сахналанса, 2009 жылы, М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» /реж.М.Ахманов/ поэтикалық дастаны Қарағанды қаласында өткен театр фестивалінде бірінші орынды иеленді. 2010 жылы театрдың құрылғанына 35 жыл толуына байланысты облыс әкімі С.Ә. Үмбетовтің тікелей қолдауымен Алматы қаласында,Жамбыл,Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Жетісу театр керуені» атты гастролдік сапарда болып қайтты. 2011 жылы «Жетісу театр керуені» дәстүрлі гастролі ШығысҚазақстан облысының Үржар ауданында, Семей қаласында және Солтүстік өңірдің Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Қарағанды және Астана қалаларында жалғасын тапты. Театр ұжымы 2012 жылы 1-7 қазан аралығында Қостанайда өткен І.Омаровтың 100 жылдығына арналған Республикалық театр фестиваліне Т.Әліпбайдың «Томирис» тарихи драмасымен қатысып, жекеленген артистер үш номинация бойынша жүлдеге ие болды. Атап айтқанда «Ең үздік эпизодты ролді ойнағаны үшін» номинациясы бойынша артист

Өмірсерік Қалиұлы, «Ең үздік сценаграфиялық шешім» номинациясы бойынша қоюшы суретші Қарлығаш Шалабаева, «Үміт» жастар сыйлығымен артист ЕркебұланАйдымбаев марапатталды. Бұл – театр ұжымы үшін шығармашылық жаңа шабыт тудырған, аса серпінді қуанышты оқиға болды.

Театрдың жетістіктері: 2018 жылы Татарстан Республикасы, БУА қаласында әлемдік классика У. Шекспирдің "Ромео мен Джульетта" қойылымы ең үздік трагедия номинациясымен марапатталды.

2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық әртісі, Бикен Римова атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты есімі берілді.

Бүгінгі таңда театр ұжымы 121 бірлікті құрайды, оның ішінде шығармашылық ұжым - 42 әртіс. Олардың жемісті шығармашылық қызметі үшін театр әртістері мемлекеттік наградалар мен атақтарға ие болды. Сонымен, 2017 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша театр қызметкерлері ордендермен және медальдармен марапатталды: «Парасат» - 1, «Урмет» - 2, «Ерен еңбегі үшін» медалімен - 4, Қазақстанның халық әртісі - 1, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі - 4, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері - 3, мәдениет қайраткерлері - 7, мәдениеттанушылар - 5, Қазақстан Республикасының «Серпер» жастар сыйлығының лауреаттары - 5, «Дарын» -1.

Өңірдің экономикалық және демографиялық дамуына байланысты театрды кеңейту және көрермен санын көбейту қажет болды. Облыс әкімінің жаңа театр ғимаратын салу туралы бастамасын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қолдады және бүгінде 510 орындық жаңа театр ғимаратының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі.

2018 жылғы 30 қазанда II Халықаралық Орталық Азия театрлары фестивалінің және театрдың жаңа ғимаратының бірлескен ашылуы өтті.