Б.Римова атындағы І-ші театрішілік фестиваль қорытындысы

Б.Римова атындағы І-ші театрішілік фестиваль қорытындысы

Бүгін 27-наурыз Халықаралық театр күніне орай Б.Римова атындағы Талдықорған драма театр қабырғасында салтанатты іс-шара өткізілді.  23-27 наурыз аралығында өткен театрішілік фестивальдің марапаттау рәсімін театр өнерпаздары  әлемдік және отандық кино мен мультфильмдердің саундтректерін орындап, мерекені ерекше көңіл күйде өткізді. Атаулы мерекеге қала қонақтары, БАҚ өкілдері және өнерсүйер қауым қатысты.

?Мәдениеттің алтын тәжі – театр өнері болғандықтан 27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай  Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әлиұлы, сахна майталмандарының және театр қызметкерлерінің жыл бойы жасаған еңбегі мен қазақ театр өнеріне қосқан үлесін бағалап,  марапаттау рәсімін өткізді.

?Алматы облысы әкімінің құрмет грамотасымен Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының бас суретшісі Шалабаева Қарлғаш Есенқызы марапатталды.

?Алматы облысы әкімінің алғыс хатымен Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының бас бухгалтері Кемербаева Нұргүл Алмұханбетқызы, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры музыка бөлімінің меңгерушісі Жанабеков Өркен Даулетұлы, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі Қанат Дәулет Асылханұлы марапатталды.

?Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының құрмет грамотасымен Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі Кенбаева Айдана Сейілбекқызы және театрдың суретші – безендірушісі Галиева Надира Иембергенқызы марапатталды.

?«Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атағымен  Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі Әжібеков Мұса Ержұмаұлы марапатталды.

?«Ақсу ауданының құрметті азаматы» атағымен  театр қайраткері, драматург, халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылары, журналистері одақтарының мүшесі Егембердиева Лидия Исақызы және Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі Мұңайтпасова Сандуғаш Баққалиқызы марапатталды.

? Бикен Римова атындағы Театрішілік фестивальде 7 қойылым бақ сынап, үздіктер анықталды. Театр сыншыларының шешімі бойыншы:

?«Үміт» номинациясы - Оңлабай Ғанидулла Зарифуллаұлы.

?«ІІ - пландағы ер бейнесі» номинациясы – Айдымбаев  Еркебұлан Нұрланұлы.

?«ІІ - пландағы әйел бейнесі» номинациясы – ҚР Мәдениет қайраткері Мұңайтпасова Сандуғаш Баққалиқызы.

?«Сахна шебері» номинациясы - ҚР Халық Артисі Кенжебекова Алмахан Нүрпейісқызы.

?«Сахна шебері» номинациясы -  ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Әжібеков Мұса Ержұмаұлы.

?«Үздік ер бейнесі » – Заманбеков Жасұлан Ертайұлы.

?«Үздік әйел бейнесі» – Кенбаева Айдана Сейілбекқызы.

?Бәйгенің Бас жүлдесін «Бикен Римова атындағы сыйлықты» – Тоқымтаев Базарбек Сләмбекұлы иеленді.


Басып шығару   E-mail