Әжiбеков Мұса Ержұмаұлы

Әжiбеков Мұса Ержұмаұлы

1955 жылы 15 наурызда дүниеге келді. 1976 жылы Қазақ Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерватоияның театр бөлімін бітірген. Талдықорған облыстық драма театрының негізін қалағандардың бірі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2010 жылы М.Мақатаевтың атындағы сыйлықтың иегері атанды. Театр мен кинода сомдаған ролдері жоғары бағаланып жүрген актер.

Сомдаған ролдері:

Т.Қалилаханов «Алтын бесік» - Абылай хан, М.Әуезов «Қаракөз» - Хазірет, «Түнгі сарын» - Жантас, «Абай» - Мес, «Таңғы жаңғырық» - Шодыр, Ш.Айтматов «Арманым - Әселім» - Жантай, «Ақ кеме» - Құлбек, «Ана-Жер ана» - Майсалбек, А.Чехов «Ваня ағай» - Войницкий, У.Шекспир «Асауға тұсау» - Гортензио, Н. Хикмет «Елеусіз қалған есіл ер» - Ассистент, О.Бодықов «Ит өлім» - Марат, Д.Исабеков «Әпке» - Қабен, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Багратион, Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу» - Маңғас, М.Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» - Андрей, Ә.Тәжібаев «Көтерілген күмбез» - Замана, «Кенесары, Наурызбай» (инсценировкасын жазған Ө.Ахмет)–Құдайменді, М.Мақатаев «Райымбек,Райымбек» (инсценировкасын жазған М.Ахманов) – Қабай жырау, Лидия Егембердиева «Жұмақ маған бұйырмас»-Қарт Қасым, Т.Мәмесейіт «Құлқынның құлы»- Жанұзақ (Ауыл ақсақалы),У. Шекспир «Ромео мен Джульетта»-Дәрмекші, Думан Рамазан «Керей-Жәнібек»-Қарабура батыр, М. Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» комедия –батыр М.Әуезов «Абай» трагедия – Сырттан, Е.Төлеубай «Үзілген тамыр» тарихи драма-Саясаткер және т.б. рольдерді сомдады.

2009 жылы Қарағандыда өткен театрлар фестивалінде тағы да биік кәсіби деңгейде көрініп, әділ қазылардың мақтауына ие болды.


Басып шығару   E-mail