Кенжебекова Алмахан Нұрпейісқызы

Кенжебекова Алмахан Нұрпейісқызы

ҚР Халық әртісі

 

1950 жылы қаңтардың 16 күні, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келді.1975жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын бітірген.Сол жылы Талдықорғанда тұңғыш ашылған драма театры қабырғасында еңбек жолын бастады. Яғни жас театрдың шаңырағын көтеріп, уығын шанышқандардың бірі. Содан бері осы театрда қызмет етіп келеді. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982 жыл), Қазақстанның халық артисі (1988 жыл) атағын иеленген, «Қазақстанның 10 жылдығы» мерекелік медалімен (2001 жыл) марапатталған. «Алматы облысының және Райымбек ауданының Құрметті азаматы».

 

Алмахан Нүрпейісқызының бойындағы туа біткен асыл қасиеттері: табандылығы,ізденгіштігі, тұрақтылығы, мақсатшылдығы, сонымен қатар өнерге деген адалдығы. Бүгінгі таңда біздің театрымыздың аяулы анасы.

 

Алмахан Кенжебекова өнердегі еңбек жолын 1975 жылы Талдықорғанда тұңғыш ашылған драма театрының қабырғасында бастады. Яғни жас театрдың шаңырағын көтеріп, уығын шанышқандардың бірі.Содан бері осы театрда табан аудармай қызмет етіп келеді.

 

Алмахан Нүрпейісқызының бойындағы туа біткен асыл қасиеттері:

 

табандылығы,ізденгіштігі, тұрақтылығы, мақсатшылдығы актерлық табиғатының басты сипаттарын құрайды. Оған ана тіліне аса жүйріктігі, ұлттық тілдің өзіне тән әуендерін жетік меңгеруі, үнінің әуезділігі, әншілік өнері қосылып, өз ортасында ерекше орны бар талант ретінде танылуына септігін тигізіп келеді. Осындай кең тыныстылығы арқасында ол трагедиялық рөлдерден комедиялық, мелодрамадан сатиралық диапазонға еркін өте береді. Қолына алған образдың ой ағымын, көңіл күйіндегі  құбылыс өзгерістерді, тағдыр-талайындағы шырғалаң сәттерді терең зертейді, сүйтіп кейіпкер табиғатын тап басып танып, көрерменді сүйсіндіретін шынайы бейне жасайды.

 

Шығармашылық өмірі театрмен біте қайнасып бірге жасасып келе жатқан Алмахан Кенжебекова қатыспаған қойылым жоққа тән. Сондықтан ол ойнаған рөлдердің классикалық үлгілеріне ғана тоқтайық. Атап айтқанда Әуезовтың «Қаракөзінде» - Мөржан, «Абайында» - Әйгерiм, «Түнгi сарында» - Жантастың шешесi, «Хан Кенеде» - Бопай, «Бәйбiше – Тоқалда» - Ғайша, Ғ. Мүсiреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» - Мақпал, Б.Майлин мен Ж.Аймауытовтың «Аласапыранында» - Қалипа, I.Жансүгiровтың «Исатай – Махамбетінде» - Балды, Н.Хикметтің «Елеусiз қалған есiл ерінде» - Әйел, Т.Ахтановтың «Күшiк күйеуінде» - Гүлжамал,     «Шырағың сөнбесінде – Алевтина, С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдысында» - Сәбира, Б.Тоғысбаевтың «Ақын Сарасында» - Сара, Ш.Айтматовтың «Жәмиләсында» -Жәмилә, «Арманым-Әселімде»  - Хадиша, «Ақ кемесінде» - Қара кемпір, «Ана – Жер – Анасында» - Толғанай, Д.Исабековтың «Әпкесінде» - Қамажай, А.Вампиловтың «Сүйінші табылдысында» - Макарская, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде – Фармон бибі, Иран-Ғайыптың «Ана аманатында» - Ана, Б.Римованың «Қос мұңлығында» - Күлзипа, И.Ғайып «Естайдың Қорланы», С. Балғабаев «Ең жақсы еркек»- Меңгеруші, М.Әуезов «Абай» трагедия – Зейнеп образдарын көрермен есінен кетпестей етіп нанымды да шынайы сомдады.

 

Алмахан Нүрпейісқызы актрисалығымен қатар әншілік, сазгерлік таланты қоса өрілген ірі дарын иесі. Оның «Ақ қайың» әндер жинағы мен өнер әлеміндегі тұңғыш прозалық туындысы «Өнер сүйген жүректен» атты кітабы 2010 жылы баспадан жарық көріп өз оқырманын тәнті етті. Оның қаламынан туған  «Күйшi», «Абай туралы аңыз» инсценировкалары республикалық театрлар фестивалінде жүлделі орынды иеледі. А.Кежебекова театр ғана емес, сонымен бірге ол кино актрисасы ретінде де бірнеше фильмдерде өнерімен көзге түсті. «Күнә», «Прыжок афалины», «Қымбатты менің балаларым» бейнефильмдерінде түрлі рөлдерде және  Талғат Теменовтың «Көшпендiлер» көркем фильмiнде қалмақ батыры Шарыштың анасын   әлемдік дәрежедегі киножұлдыздармен қатар ойнады.

 

Алмахан Нүрпейісқызы талантты актер, сахна шебері болумен қатар, жас артистердің тәлімгер ұстазы, ақылшысы. Отбасында екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген үлгілі Ана.


Басып шығару   E-mail