БІЗ БІРГЕМІЗ!

Құрметті өнерсүйер қауым!..
Корновирус Covid 19 індетінің әлем деңгейінде таралуына байланысты республикамыз бойынша Төтенше жағдай жарияланғанын білесіздер. Осындай қиын-қыстау кезеңде Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының артистері Сіздермен шығармашылық қарым-қатынасты үзбеу, көңіл күйлеріңізді көтеру мақсатында әлеуметтік желілер арқылы ән-күй, поэзиялық өлең-жыр, драмалық шығармалардан монологтар орындау арқылы сәлемдемелерін жолдап отырады. Бүгін театрымыздың талантты актрисасы Асыл Ақтөреевадан Дархан Даулеттің "Біреу мені" атты өлеңін қабыл алыңыздар. Біз Сіздермен біргеміз!!!


Печать   E-mail