Нұрмұханбетова Мәкен Дүбекқызы

Нұрмұханбетова Мәкен Дүбекқызы

Нұрмұханбетова Мәкен Дүбекқызы 2 қазан 1955 жыл Алматы облысы Қапал ауданы Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген.

1961-1971 жылы  Талдықорған облысы Қапал ауданы Ащыбұлақ ауылында Ю.Гагарин атындағы мектепті бітірген.

          1974 – 1976 жылдары Алматы қаласында театр студиясын, 2000-2004 жылы Жетісу Мемлекеттік  университетін сырттай оқып бітірген.

          1976 жылдан бастап Бикен Римова атындағы драма театрында жұмыс істейді.

           Келген күннен бастап өзіне берілген рольдерді үлкен – кіші деп  бөлмей ынтызарлықпен орындайтынын дәлелдеді. Оның алғашқы түскен ролі Вампиловтың “Үлкен ұл” қойылымы. Осы рольді кеше ғана студент қатарынан шығып келген жас қыз жоғары деңгейде ойнады деп ауыз толтыра айтуға болады.

          Сомдаған рөлдері : Ахтанов “Күшік күйеу”, Исабеков “Әпке”, Ш.Айтматов “Арманым, Әселім”, Б.Майлин “Шұға”, Ахтанов “Шырағың сөнбесін”, Ж.Аймауытов “Шорбану Қанапия”, Ш.Айтматов  “Ана-жер-ана”, М.Әуезов “Абай”, І.Жансүгіров “Исатай-Махамбет”, Б.Римова “Абай - Әйгерім”, С.Ахмад “Келіндер көтерілісі”, Шиллер “Зұлымдық пен махаббат”, А.Сейдімбеков “Қош бол ардағым”, Ш.Құсайнов “Алдар Көсе”, Ә.Әрін поэзиялық кеш, Маралтай ақын поэзиялық кеш, А.Кендірбекұлы поэзиялық кештері, Ф.Буляков “Ұзатылмақ кемпірлер” И.Ғайып «Естайдың Қорланы»-Айнаш, С. Балғабаев «Ең жақсы еркек»- Розабану, Бикен Римова «Қос мұңлық»-Гүлбарам спектакльдеріндегі  образдарды жасауда көпшілік көрерменді тәнті етпей қоймады.

          Көп жылғы еңбегі ескеріліп,  Мәкен Нұрмұханбетоваға 2004 жылы   «Қазақстанның мәдениет қайраткері» атағы берілді.

2020 жылы «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.


Печать   E-mail