Темірбайұлы Кендебай

Темірбайұлы  Кендебай

ҚР еңбек сіңірген қайраткері

          Темірбайұлы Кендебай Талдықорған драма театрына 1975 жылы Қазақ Мемлекеттік консерваториясын бітіріп, арнайы жолдамамен келген. Аймақтағы жаңа өнер ошағының іргетасын қаласқан ардагерлердің бірі. Бүкіл шығармашылық өмірі осы театрдың ыстық-суығымен біте қайнасып келеді.Өткен уақыт аралығында  70-тен астам алуан түрлі рөлдерде ойнады. Еңбекқор, іскер жан. Ол сомдаған кейіпкерлер: М.Әуезовтің «Қаракөзіндегі» Сырым, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» Қозы, Ш.Құсайынвотың «Алдар көсесіндегі» - Алдар көсе, Т.Ахтановтың «Күшiк күйеуіндегі»-Бекболат,С.Жүнісовтың «Өлірарасындағы» -Жуков, Б.Тоғысбаевтың «Ақын Сарасындағы - Әріп, Ш.Айтматовтың «Жәмиласындағы» - Данияр, «Арманым -Әселімдегі» -Жантай, Р.Сейсенбаевтың «Өзіңді тап» - Әділет, Т.Қалилахановтың «Алтын бесігінде» - Жәпек, А.Вампиловтың «Сүйінші табылдысында» - Кудилов, М.Әуезовтың «Ұлпанында – Торсан, Ш.Құсайыновтың , А.Кенжебекованың «Абай туралы аңызында» - Ербол, Т.Әліпбайдың «О, Атилла, Атилласында» - Хильдбранд, «Қанды ғасырында» - Бошақан, К.Әбдірахмановтың «Мұнар да, мұнар мұнар күнінде» - Махамбет, «Қаракерей Қабанбайында» - Ақтанберді жырау, Л.Егембердиеваның әріптестерінде – Мықтыбек, «Ғашық жүрегінде» - Әуезханды, Қ.Сатыбалдиннің «Аякөз Аруында» - Шатшәлекей хан, Р.Сейсенбаевтың «Қазақстан тұңғышында»  -Еремин, М.Әуезовтың «Бәйбіше Тоқалында» - Жендет, Т.Әлімқұлотың «Қош бол, Қараойында» - Ықлас, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» -Орынбай, У.Шекиспирдің «Корл Лирінде» - Корнуэл герцогы, Әбділда Тәжібаевтың «Көтерілген күмбезінде» - Шыңғыс хан, М.Әуезов пен І.Есенберлиннің «Кенесары Наурызбайында» - Нысанбай жырау, Н.Гогольдің «Үйленуінде» -Жевакин, М.Мақатаевтың «Райымбек,Райымбек!» поэтикалық дастанында – Мұқағали, Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» - Естай, Қ.Ысқақов «Таңғы жаңғырық» - Жүніс молда, М.Иманғазинов «Ілияс» - Әсет Найманбаев, Л.Егембердиева «Жұмақ маған бұйырмас» - Генерал Ковпак образдары үнемі өсу, толысу үстіндегі актердің кезеңдік кемел дүниелері. Батырға тән асау мінез, ақылманға сай сабырлық, ойшылдық, ақынға  тән жан нәзіктігі, мейірім – осының бәрі Кендебай  Темірбайұлы батырлар  Қабанбай, Барақ сұлтан, Жәпек, ақындар Махамбет, Әрiп, Ақтанбердi, Нысанбай жырау, Е.Төлеубай «Алаштың Әлиханы»- Әлихан Бөкейханов, М. Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» комедия –Көтібар бейнелерiн сахналағанда айқын көрінді.

1991  жылы «Халық батырлар жылының лауреаты» құрмет белгісімен, 2000  жылы «ҚР Мәдениет қайраткері» атағына ие болып, 2004 жылы  «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2009  жылы «М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері» төс белгісімен марапатталды. 2020 жылы «Парасат» орденінің иегері атанды.

 


Печать   E-mail