Шалабаева Қарлығаш Есенқызы

Бас суретші

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ   МІНЕЗДЕМЕ

1.Аты-жөні:  Шалабаева  Қарлығаш  Есенқызы

2.Жұмыс орны:  Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрының артисі

3.Жынысы:   әйел

4.Туған жылы және жері:  25 қазан 1962 жыл, Ресей. Орынбор облысы

5.Ұлты:  қазақ

6.Білімі:  Жоғары. Алматы Мемлекттік педагогикалық  университетінің көркем  графика  факультетін 1994 жылы бітірген.

7.Ғылыми дәрежесі, атағы:  жоқ

8.Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған уақыты:Қазақстан Жастар Одағының «Серпер  сыйлығымен 2005  жылы марапатталған. 2011 жылдан  Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.  

9.Үйінің мекен-жайы: Талдықорған қаласы, «Қаратал» шағын ауданы, 31 үй, 20  пәтер.

10.Жалпы жұмыс өтілі: 28  жыл

11.Саладағы еңбек өтілі:  28 жыл

12.Осы еңбек ұжымындағы еңбек өтілі:  20 жыл.

13.Наградталушының айрықша сіңірген нақты еңбектерін сипаттайтын  мінездеме:

Қоюшы суретші Қарлығаш Шалабаева әрбір қойылымның үстінде мұқият жұмыс істейді.Олардың сценографиялық шешімдеріне, кейіпкерлердің киіміне терең мән береді. Классикалық шығармаларды сахналауда эскиздердің үстінде көп ізденеді. Қоюшы режиссермен кеңесе отырып, ортақ шешімді таңдай біледі. Тарихи қойылымдарды сахналауда материалдарды талғампаздықпен  таңдап,  ұтымды  пайдаланады. 2011 жылы қойған Т.Әліпбайдың «Томирис» тарихи драмасының сахнасы, кейіпкерлердің жанрға сай киім үлгісін суреттеуде Қарлығаштың еңбегі  ерен болды. Сондай-ақ,  Р.Отарбаевтың «Ұйық» («Нашақор жайлы новелла») спектаклі мен Б.Соқпақбаевтың «Тапқыр Қожанасыр» ертегісінің сахналаудағы суретшілік ізденісі жоғары деңгейде екеніне көпшілік көз жеткізді. Қ.Шалабаева театр сахнасында М.Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы»,   Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін», «Күшік күйеу», Т.Әліпбай «Қанды ғасыр», «О, Атилла, Атилла», М.Әуезов «Бәйбіше тоқал», У.Шекспир «Король Лир», М.Мұқағали Мақатаев «Райымбек, Райымбек!», Т. Әлімқұлов «Қош бол Қараой», С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», Ф.Буляков «Ұзатылмақ кемпірлер»,  Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы», Ә.Ақпанбет «Дүние думан», Л.Егемебердиева «Қалталы күйеу қайдасың», Б.Тоқымтаев «Шынар басындағы қоңырау», Б.Мұқай  «Өмірзая», Б.Римова «Қос мұңлық», С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр», М.Ақынжанов «Алтын сақа», әсіресе соңғы жылдары қойылған Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоқты», Қ.Ысқақовтың «Таңғы жаңғырық», Иран-Ғайыптың «Негізгі шаруа» қойылымдарын сахналауда образдық шешімдерін өте сәтті таба білді.

Оның ішіндегі Т.Әліпбайдың «О, Атилла, Атилла» спекткаліне жасаған декорациясы Халықаралық СОРОС қорының грантын жеңіп алды. Тараз, Павлодар, Орал қалаларында өткен республикалық театрлар фестивальдарының дипломанты. Облыстық, аудандық көркемсурет көрмелерінің  жүлдегері. 2005 жылдың қаңтар айында  Қарлығаш  он жыл көлеміндегі жемісті еңбегінің нәтижесінде  Қазақстан Жастар  Одағының  «Серпер» сыйлығымен марапатталды.

2012 жылы Қостанай қаласында өткен І.Омаровтың 100 жылдығына арналған Республикалық театрлар фестивалінде Т.Әліпбайдың «Томирис» тарихи драмасымен қатысып  «Ең үздік сценографиялық шешім» номинациясын иеленді.

 


Печать   E-mail